«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШТАР

Облыстық әділет департаментінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында роботтардың “Сумо” сайысы өтті.

Жас өнертапқыштарды қолдау, ІТ-технологиясын дамыту мақсатында ұйымдастырылған жарысқа Петропавл қаласы мектептерінің оқушылары қатысты. Заманауи зияткерлік жүйеге негізделген жұмыстар жас өнертапқыштардың робот техникасына ден қойғанын аңғартады. Әсіресе, облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту орталығындағы “Робот техникасы” үйірмесі қатысушыларының бөлшектерден құрастырған роботтарын ерекше айтып өткен жөн. Аталмыш сайыста үйірме қатысушысы Дияр Серіктің жұмысы көптің көңілінен шықты. Интеллектуалдық шығармашылықпен айналысқанына бір жарым жылдай болған ол осы мерзім ішінде бірнеше рет робот құрастырып, тәжірибе жинақтаған.

– Сайысқа әкелген роботымды екі апта ішінде құрастырдым. Жарық тетігін есептемегенде, бұл жұмыс онша қиындық тудырған жоқ. Робот сумодағыдай қарсыласын шеңберден шығарып тастауы тиіс. Бұл міндетін ол ойдағыдай атқаруда, – дейді өнертапқыш бала.

Жалпы, “Робот техникасы” үйірмесі 2014 жылы ашылған болатын. Үйірме жетекшісі Қайсар Сәрсенбаев қазіргі таңда 30 бала келетінін айтып, олар облыстық, республикалық, халықаралық сайыстарға белсене қатысатындарын жеткізді. Ал робот құрастырудағы шеберліктері жас өнертапқыштардың болашағынан зор үміт күттіреді.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік бағдарлама, эстетикалық көрініс аталымдары бойынша Никита Стаханов пен Дияр Серік үздік деп танылса, бірінші орынға Влад Фомин қол жеткізді. Дамир Күбетаев, Сәбина Нұғыманова екінші және үшінші орындарға ие болды. Жеңімпаздардың барлығы бағалы сыйлықтармен марапатталды.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp