Жасөспірімдердің діни және құқықтық сауаттылығын арттыру, радикалды діни ағымдарға төтеп бере алу қасиетін ояту мақсатында Дін істері жөніндегі басқарманың жанында құрылған жастар ақпараттық-насихат тобының мүшелерімен семинар-кеңес өтті. Бұл топқа “Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау мен дамыту орталығы” КММ талдау және әлеуметтік зерттеулер бөлімінің басшысы С.Могунов жетекшілік етеді. Топ құрамына “Қызылжар” орталық мешітінің наибимамы Аян Алыпқашев, Дін істері басқармасының нұсқаушысы Нұрбек Баекин, Жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқарманың “Жастар бастамаларының орталығы” КММ кеңесші-психологы Александр Гакштеттер, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Азиза Жұмағалиева, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ магистранты Анна Калинько, Ішкі істер министрлігі Әскери институтының курсанты Ербол Отарбаев, Вознесение кафедралды соборының діндары Алексей Щербенко, “СҚО студенттерінің альянсы” ЖҚБ төрайымы Динара Мақсұтова енді.
Бұл кездесуде топ мүшелерінің теріс пиғылды ағымдардан жастарды қорғау мақсатында өткізілетін іс-шараларға қатысуы, жастарды рухани-өнегелік жағынан тәрбилеу, дене тәрбиесі және рухани жағынан мықты жастар ортасын қалыптастыру үшін жағдай жасау мәселелері талқыланды.
Белгілі болғандай, әдетте Қазақстан азаматтарын экстремистік және лаңкестік әрекетке арбаудың барлық жағдайларында радикалды білімді арттырудың, белсенді әрекеттерге итермелеудің қайнар көзі Интернет болып табылады. Кей уақытта жас азаматқа діни не болмаса басқа да бір ойды дұрыс таңдау қиындық тудыруы мүмкін. Сондықтан жастарға дұрыс таңдау жасауға көмектесу, алуан түрлі экстремистік ағымдардың арбауына ілікпеу мақсатында жастар ақпараттық-насихат тобы құрылды.
Ақпараттық-насихат тобының мақсаты – алдын алу жұмыстарын, соның ішінде ақсақалдар алқасы мен дінбасыларының қатысуымен жоғары және орта білім мекемелерінің оқушыларымен кездесулер ұйымдастыру, діни және теологиялық оқу орындарында алдын алу сипатындағы арнайы уағыздар өткізу, әртүрлі ортада дәрістер, “дөңгелек үстелдер” мен семинарлар өткізу. Бұл жұмыстарды жүргізуде ауыл жастарына баса назар аударуылуы тиіс. Ауылды жерлерде жұмыссыздар саны көп болғандықтан, теріс ағымдарға еріп кету қаупі жоғары.
Нәжиба АҚҚОЖИНА,
дін істері жөніндегі басқарманың қызметкері.