Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеулер қызметінің қызметкерлері облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасымен бірлесіп, жасырын казиноның әрекетіне тосқауыл қойды.
Заңсыз ойынхана Петропавл қаласындағы бір автокөлік жуатын орынның екінші қабатында орналасқан екен. Келушілер оның басшыларымен алдын ала келісіп алып, бөлек есік арқылы өтіп жүрген.
Жасырын ойынхананы жоюға «Арлан» жасағы қатысты.
Ұстау операциясы кезінде он ойыншы, екі крупье, бір даяшы, бір күзетші және жасырын мекеменің әкімшілігі қолға түсті.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабының 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
мемлекеттік кірістер
департаменті экономикалық
тергеулер қызметі.