«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСӨСПІРІМНІҢ БОЛАШАҒЫН ОЙЛАСАҚ

Жеткіншек жас ұрпақты тәрбие­леуге мемлекетіміз бен қоғамымыз ұдайы әкелік қамқорлық жасап ке­ле­ді. Өйткені, жасөспірімдердің бойы­на адамгершілік жақсы сапаларды қалыптастырған, қоғамымыздың са­на­лы мүшесі, коммунистік құрылыс­тың белсенді құрылысшысы болып тәрбиеленуіне туған мемлекетіміз соншалықты мүдделі. 

Жастарды тәрбиелеу процесінде иландыру шаралары негізгі құрал болып табылады. Егер, ол жеткілік­сіз болып, ықпал ете алмаса, онда күштеу шаралары қолданылады.

Партиямыздың тарихи ХХV съезі шешімдеріне сәйкес мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың жас­тар­дың право тәртібін бұзушылы­ғының алдын алуға бағытталған қыз­меті зор маңызға ие болуда. Право тәртібін бұзушылықпен күрестің тиімділігін қамтамасыз ету үшін оны тудыруға түрткі болған нақты себеп­тер мен жағдайларды мұқият зерт­теп, оларды жоюдың неғұрлым төте жолдарын қарастыру қажет.

Жас жеткіншектің рухани жан-дүниесін қалыптастыруда алдымен семья тәрбиесінің орны ерекше. Балалар басқа адамды сыйлап-құрметтеу, жақсы қылықтарды үйрену мектебін нақ семьяда, ата-ананың көз алдында өтуге тиіс.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жасөспірімдер арасында право тәр­ті­бін бұзушылықтың негізгі бір себе­бі, семья жағдайындағы келеңсіздік­тер: ерлі-зайыптылар арасындағы қыр­ғи-қабақтық, некені бұзу салда­ры­нан балаларды тастап кету, ба­ла­ның мінез-құлқына, тәрбиесіне, оқуы­на бақылау жасамау, кейбір ата-аналардың өздерінің тәрбиелік борыштарынан бас тартуы, маскүнемдік, қоғамға жат қылықтар жа­сауы болып табылады.
Қазіргі уақытта мұндай туысқан­дар­ға әкімшілік және ата-аналық праволарын айыру шаралары қол­данылады. Қазақ ССР-інің неке жә­не семья туралы кодексінің 68-ста­тьясында ата-аналар немесе олар­дың бірі өздерінің бала тәрбие­леу жөніндегі міндеттерінен бас тарт­са, өздерінің праволарын асыра қолданып, балаларын ұрып-соқса, қоғамға, моральға жат қылығымен немесе созылмалы маскүнемдігі­мен балаларына теріс ықпал жаса­са, онда оларды ата-аналық право­сы­нан айыру қажеттігі айтылады. Алайда, бұл шара өз балаларын сү­йетін, жақсы көретін ата-аналар үшін тым ауыр да, ұдайы маскүнем­дікке салынған адамдықтан азған ата-аналарға жеңілдік сияқты.
Мәселен, өткен жылдары Совет аудандық халық сотының шешімі­мен спиртті ішімдікке тым әуестігі үшін Маслов пен Васьковская де­ген­дер алты балаға ата-аналық пра­восынан айырылды. Осыдан кейін Архангелька селосына көшіп келген соң да олар ішімдікке салынуларын қоймады. Тағы да нәрестелі болған олар 1975 жылдың 7 ноябрінде ұзақ күнге ішуге салынады. Әбден ма­сайған Маслов ұйқыға кеткенде, Вась­ковская оның жанына 6 айлық баланы жатқызып, өзі ас үйге шығып кетеді. Әлден уақытта ұйқылы-ояу көзін ашқан Маслов әйелінің үйде екенін сезеді де, тұрып ас бөлмеге барып, қолына түскен пышақты Вась­ковскаяның жауырынына са­лып жібереді. Өзі ештеңе болмаған­дай, қайыра орнына келіп, қорылға басады. Бірақ араларында ешқан­дай дау-жанжал болмаған-ды. Сөй­тіп, Маслов баланың жылаған дау­сынан ғана оянып, Васьковскаяны шақырады. Бірақ жауап қатқан еш­кім болмайды. Тұра ас үйге кірген Мас­лов қан-қан пышақты, қан орта­сында жатқан тіршіліктен нышаны жоқ әйелін көреді.
Тағы бір мысал: Булаев аудан­дық халық соты үстіміздегі жылдың 2 июлінде ерлі-зайыпты Г.И.Заго­руй­ко мен Н.Ф.Загоруйконы бес ба­лаға ата-аналық правосынан айыру жөнінде шешім қабылдады. Себебі, олар осынша баланы тәрбиелеумен мүлдем шұғылданбаған, ден қой­ған­дары – тек қана ішімдік ішу бол­ған. Соның салдарынан балалары­ның материалдық жағдайы өте күйкі еді. Еш жерде еңбек етпеген әйел күйе­уінің тапқаны мен балаларына тиесілі жәрдем ақшаны спиртттік ішім­дікке жұмсауды ғана біледі. Бұ­лардың 1974 жылы туған ұлы Нико­лай әбден арып-азып, дереу меди­циналық көмек қажетсінеді. Әйтсе де, баланың әке-шешесі ешкімнен медициналық көмек сұрап, тіс жар­майды, ал баланы әкетуге медици­на қызметкерлерінің өздері келген­де, ерлі-зайыпты Загоруйколар жан­жал шығарады. Олардың тәртібі қо­ғамдық советте екі рет талқыланып, Загоруйколар “алдағы уақытта түзе­леміз” деп ант-су ішкенімен, бұрын­ғы әндеріне қайта басады. Сондық­тан да бұл жерде аудандық прокурордың балалар мүддесін ескеріп, сотқа Загоруйколарды ата-аналық праволарын айыру жөнінде шағым етуі соншалықты орынды еді.
Қазақ ССР-інің қылмыстық ко­дек­сі­нің 201-статьясында жасы тол­мағандарды қылмыс істеуге тартуға бай­ланысты былай делінген: “Жасы толмағандарды қылмыстық әрекет­терге тарту немесе жасы толмаған­д­ар­ды қылмыс істеуге азғыру, егер мұндай қылмыс үшін заңда бұдан ауырырақ жаза көрсетілмеген бол­са, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мер­зімге бас бостандығынан айыру­ға жазаланады. Жасы толмағанда­ры құмарлық ойындарға; маскүнем­дік­ке, қайыр сұраушылыққа немесе қоғам үшін және жасы толмағандар­дың өздері үшін зиянды болатын бас­қа да әрекеттерге тарту, үш жыл­ға дейінгі мерзімге бас бостанды­ғынан айыруға жазаланады”.
Жасы толмағандарды маскүнем­дікке тартқан, яғни оларды үнемі мастық жағдайына жеткізген ата-аналар немесе бөгде адамдар бес жы­лға дейінгі мерзімге бас бостан­дығынан айыруға жазаланады.
Жақында Куйбышев аудандық халық соты Қазақ ССР қылмыстық кодексінің 200-статьясының 3 бөлімі бо­йынша В.П. Поляковтың қылмыс­тық ісін қарап, оны 2 жылға бас бос­тандығынан айыруға шешім қабыл­дады. Поляковтың кінәсі сол, ол 1960 жылы туған А.Сосновты және оның достарын ішімдікке, маскүнем­дікке баулыған: Поляковтың “сыйы­на” сылқия тойған Соснов және оның достары Н.Шадрин, С.Грицен­ко кейін азаматтардың өз меншігін­дегі мүліктерін, магазиндердің құл­пын бұзып, заттар ұрлаған.
Семьядағы тәрбие мектептерде өзінің заңды жалғасын табуға тиіс. Жа­­сы толмағандардың қылмысы­ның алдын алу үшін Совет мемлеке­ті көптеген тәрбие шараларын жү­зе­ге асыруда. Әйткенмен, тәрбиелік си­паттағы еріксіз шаралар да аз емес. Қылмыстық жауапқа қылмыс іс­теген уақытына дейін 16 жасқа тол­ған адамдар тартылады. Он төрттен он алтыға дейінгі жаста қылмыс істеген адамдар тек кісі өлтіргені үшін, жәбірленушінің денсаулығы бұ­зылуына әкеп соқтыратындай етіп, адамның денесіне қасақана жара­қат салғаны үшін, тонағаны, ұрлық істегені, кәнігі бұзақтылығы үшін, мем­лекеттік, қоғамдық мүлікті неме­се азаматтардың өз меншігіндегі мүлкін қасақана жойғаны үшін я бүл­діргені үшін (егер мұның ауыр зар­дап­тары болса) тағы басқалары үшін қылмыстық жауапқа тарты­лады.
Сайып келгенде, туған қоғамы­мыз­дың заңдарын оның барлық мү­шелері білуге міндетті. Мұның өзі біз­дің партиямыздың ХХV съезі алға қой­ған міндеттерді табысты шешуі­мізге, еліміздің қарыштап, алға ба­суына көмектеседі.

 

Үміт ҚҰРМАНҒОЖИНА,
облыстық соттың мүшесі.
(“Ленин туы” газеті, 8 желтоқсан 1976 жыл). 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp