«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАУЫНГЕР ЖӘДІГЕРЛЕРІ

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылған көрме Жеңістің 80 жылдығына арналды. Көрме сөресіне Екінші дүниежүзілік соғыс туралы мол мәлімет, құжаттар, суреттер, майдангерлердің жеке заттары, қару-жарақ және фашистерден алынған бұйымдар қойылды.

Жәдігерлердің басым көпшілігін музейге соғыс ардагерлерінің туған-туыстары әкеліп тапсырған. Көрмеге келушілер 858-ші артиллериялық полк батареясының командирі Иван Прядконың соғыста түскен суретін, тапанша қабын, сыйға алған қалта сағатын және ең құнды жәдігер – қол орамалын ерекше қызығушылықпен тамашалады.

Музейге соңғы тапсырылған құжаттардың бірі – жауынгер Филипп Ельцовқа қатысты.

«80 жылдан кейін Новгород жерінен оның сүйегі, жеке заттары, жауынгерлік медальоны табылды. Құжаттарындағы жазудан біз оның Солтүстік Қазақстан облысының тумасы екенін анықтадық, – дейді музей қызметкері Вера Андреева.

Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Анатолий Корабельниковтың айтуынша, соғыс жылдары өңірден майданға нақты қанша адам кеткендігі туралы әлі күнге дейін толық ақпарат жоқ.

«Соғыс туралы 29 томдық кітап шықты, бірақ оған майданнан аман-есен оралғандардың 30 пайызы да жазылмаған. Менің зерттеуімше, соғысқа 145 мыңнан астам солтүстікқазақстандық аттанды. Оның 72 мыңы аман оралды», – дейді Анатолий Корабельников.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp