«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҚСЫ КӨРШІ – ТЫНЫСЫҢ

Алғашқы танысу қадамы «Alegeum Elektrik» кәсіпорнынан басталды. Петропавл электротехни­калық зауыты шығаратын транс­форматорлық жабдықтар негізінен ТМД елдеріне экспортталады. Ке­лесі нысан – 1928 жылы құрылған С.Киров атындағы зауыт. Мұнда темір жол және мұнай-газ саласына арналған құрал-жабдықтар құрас­тырылады. Бұдан бөлек, Орта Азия­да баламасы жоқ 16 қабатты баспа платалары өндіріледі. Қонақтарға баспа платаларын жинайтын цехтың жұмысы туралы баяндалды. Бүкіл үдеріс автоматтандырылған. Делега­ция мүшелері өндірісті автоматтан­дыру және цифрландыру жұмыста­рына жоғары баға берді. «Варгашинский атындағы өртке қарсы және арнайы жабдықтар зауыты» АҚ бас директоры Владимир Казаков өнеркәсіп саласы жақсы дамып келе жатқанын, тәжірибе алмасуға дайын екенін жеткізді.

Бұдан кейін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Қорған облысының губернато­ры Вадим Шумков Абай мен Пушкин ескерткіштеріне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Іс-шара барысында ұлы тұлға­лардың өлеңдері оқылып, олардың шығармашылығы мен рухани мұрасына құрмет көр­сетілді.

Мәртебелі меймандарға «Радуга» серіктестігі өз есігін айқара ашып, шикізатты өң­деуден бастап, дайын өнім шығаруға дейінгі толық цикл егжей-тегжейлі таныстырыл­ды. «Зеленый Север» жылыжа­йы тұрғындарды қысы-жазы көкөніспен қамтамасыз етеді, артылғанын көрші облыстарға жөнелтеді. Вадим Шумков өндірістің ауқымы мен біре­гейлігін жақсы қырынан бағалады.

Меймандар жас балғындар жаттығатын үстел теннисі ор­талығына барды. Мұндағы спорттық алаңдар халықара­лық деңгейдегі жарыстарды өткізуге толық сай келеді.

Бұдан кейін қонақтар «Qyzyljar» креатив орталығына ат басын бұрды. Оларға жас дизайнерлер, суретшілер мен музыканттар еңбектенетін шығармашылық кеңістіктер, ше­берханалар мен студиялар та­ныстырылды. Креативті эко­номиканы дамыту бағыттары, өңір бойынша жүзеге асыры­лып жатқан бастамалар баян­далды. Орталықтың концерт залында есту қабілеті шектеулі өнерпаздардан құралған ерек­ше «Sensitive» би театрының өнерін тамашалады.

Қорғандық делегация Оқу­шылар сарайы, № 28 мектеп, М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан университеті сияқты білім беру нысандарын аралап, олардың назарына за­манауи биотехнологиялар зертханасы, медицина бағы­тындағы инновациялық каби­неттер, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар, ақылды роботтар, «Келешек мектептері» жобасы ұсынылды.

Қорған облысы білім және ғылым департаментінің дирек­торы Андрей Кочеров екі өңірдің білім саласындағы ын­тымақтастығы бірлескен бағдарламалар бағытында тың мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті.

Қорған облысы делегация­сының өңірге жұмыс сапары облыстық әкімдікте түйінделді. Ғауез Нұрмұхамбетов өз сөзін­де шекаралық аймақтағы стра­тегиялық серіктес саналатын екі тараптың кезекті кездесуі өңір үшін маңызды екеніне тоқталды.

«Тараптар бірін-бірі жақсы біледі, көп жылдан бері етене араласып келеді. Экономика­ның негізгі бағыттары бойын­ша берік әріптестік байланыс орныққан. Алда алар асулар, бағындырар белестер аз емес. Оның ішінде ауыл шаруашы­лығы мен өнеркәсіп секторы­ның әлеуеті жоғары. Басты міндет – алған қарқыннан тай­мау, маңызды жобаларды бір­лесіп іске асыру», – деді Ғауез Торсанұлы.

Вадим Шумков Солтүстік Қазақстан облысына осымен үшінші рет келіп отырғанын, әр сапарында оң өзгеріс бай­қайтынын жеткізіп, қонақжайлық ыстық ықыласқа ризашы­лығын білдірді.

«Петропавл көп жаңарған, әлеуметтік маңызы бар нысан­дар тұрғызылған. Өңірде зама­науи тауарлы-сүт фермалары­ның көлемі ұлғайған. Мұның бәрі–құптарлық қадам, үйре­нерлік тәжірибе. Өз басым қа­зақстандық тауар нарығының мейлінше молайғанын қалай­мын»,–деді губернатор.

Облыс әкімінің орынбаса­ры Қанат Дүзелбаевтың және Қорған облысы губернаторы­ның орынбасары Сергей Гав­риннің баяндамаларынан аңғарылғандай, тараптар алдыңғы уағдаластықтарды қорытынды­лап, өзара іс-қимылды кеңейту жөніндегі жоспарларды белгі­леді. Кездесуде сауда шектеулерін жоюға, аграрлық салада­ғы бірлескен жобаларды игеру­ге, инвестиция және өнім жеткізуге, саудадан бастап ту­ристер алмасуға дейінгі мәселелерге басымдық берілді. Аг­рарлық секторға ерекше назар аударылды. Облыста себілетін элиталы тұқымның шамамен үштен бірі Қорған облысынан әкелінеді. Қорғандықтар қа­зақстандық пациенттерді медициналық мекемелерге, оның ішінде Елизаров атындағы ор­талыққа ем алуға шақырды.

Вадим Шумков делегация­ның Петропавлға келуі өңірлер арасындағы берік, тату көршілік қарым-қатынастың нақты дә­лелі болғанын атап өтті.

«Облыс әкіміне айрықша алғыс айтқым келеді. Қазақ халқында «жақсы көрші алыс туыстан жақсы» деген тамаша сөз бар», – дей келіп, инфрақұрылым мен әлеуметтік жобалар өрелі өзгерістерге арқау бола­тынын алға тартты, өз нарық­тарында сапалы және пайдалы қазақстандық өнімдерді мо­лайтуға келіскендерін атап өтті.

«Мен қостараптық байла­ныстың жоғары деңгейін және жергілікті бастамалардың әлеу­меттік маңызын атап өткім ке­леді. Қорған облысы өңіріміз бен бүкіл еліміз үшін серпінді стратегиялық серіктес болып қала береді. Арамыздағы ынты­мақтастықтың тарихы әріден басталады және тұрақты оң ди­намикаға ие. Өзара сауда кө­лемі өсуде. Өнеркәсіптен ту­ризмге дейінгі бағыттардың ау­қымы кеңеюде. Біз жоғары әлеуетті көріп отырмыз және барлық деңгейдегі байланыс­тарды одан әрі дамытуға да­йынбыз», – деді Ғауез Нұрмұ­хамбетов

Қос тарап машина жасау, ғылым және ауыл шаруашылы­ғы сияқты салалардағы өзара іс-қимылды тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp