«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Жақын адамдар”

 

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында облыстық бейнелеу өнері мұражайында “Солнечный дом” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен алтыншы рет даун синдромымен ауыратын үлкендер мен балаларға арналған “Жақын адамдар” деп аталатын фотокөрме өтті.

 

Фотокөрмеге әртүрлі жастағы балалардың ата-аналарымен түскен 25-ке жуық фотосуреті қойылған. Олардың авторы – кәсіпқой фотосуретші Дмитрий Агалаков.

Көрменің негізгі мақсаты – даун синдромымен ауыратын балалардың арнайы орындарда тәрбиеленуі керек деген қате ойларды жоққа шығару. Фотосуретте негізгі назар балалардың әкелеріне аударылады, себебі, көпшілік оларды толық емес отбасында тәрбиеленеді деп ойлайды. Петропавл қаласындағы даун синдромымен ауыратын балалардың біразы толық отбасында, аға-қарындастарының ортасында өсуде.

Бүгінгі күні “Солнечный дом” қоғамдық қорының қызметкерлері даун дертіне шалдыққан 50-ге жуық отбасымен араласып, қол ұшын беріп келеді.

Айгүл ХАМЗИНА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp