Қасиетті жұма күні облыс орталығындағы 20-шы шағынауданда жаңа мешіттің қазығы қағылды. Салтанатты шараға Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова қатысты.
Салтанатты түрде мешіт іргетасына капсула салған Бас мүфти жиылған жұртшылыққа ақ батасын берді.
Мешіт құрылысына бөлінген жер аумағы 1,2 гектарды құрайды. Ал қажетті қаражат “Ақ тілек” қоры арқылы жиналмақ. Аталмыш қордың қамқорлық кеңесінің жетекшісі Құдайберген Қалиев 500 орынға шақталған жаңа мешіт құрылысын 1-2 жылдың аясында аяқтау жоспарланып отырғанын айтты.
Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,
“Солтүстік Қазақстан”.