«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

Айыртау ауданының Шалқар ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. 

Бұл өз кезегінде 2 мыңға жуық тұрғыны бар Лобаново және Шалқар елді мекендерін тілсіз жаудан қорғауға, ауылды аймақтарда және орманды далалы жерлерде орын алатын өрттерді ауыздықтау үшін жедел қимылдауға, мұндай оқыс оқиғалардың салдарынан қайтыс болатын және жарақат алатын адамдардың санын азайтуға мүмкіндік береді. Бекеттің салтанатты ашылуына облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев, аудан әкімінің орынбасары Еңбек Исин мен мұндағы жергілікті фермерлік шаруашылықтардың жетекшілері қатысты. Айыртау ауданы әкімі аппаратының бастамасымен бұл нысанға жауынгерлік киімнің үш жиынтығы, мотопомпа және өрт сөндіру-техникалық жабдықтар сатып алынды. Шара барысында “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарының қызметі” мемлекеттік мекемесінің №23 өрт сөндіру бекетінің бастығы Ғани Бейсекеев жаңадан ашылған бекеттің жеке құрамына қызыл жалынды сөндіру кезіндегі басты қауіпсіздік техникасын, ережелерді көрсетіп, үйретті. Сонымен қатар қызметкерлерге өрт сөндіру-техникалық жабдықтарды пайдаланудың әдістері және оқыс оқиға кезінде бастапқы әрекет етудің тәртібі түсіндірілді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp