«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕГЕНІ ЖЕЛКЕСІНЕН ШЫҚТЫ

Заңсыз сауда-саттықпен айналысқан кәсіпкер ұсталып, жегені желкесінен шықты. Оның өзі де тойымсыз, көзі де тойымсыз екенін жасаған қылығынан аңғарасың. Оңай жолмен ақша табуға болады деп ой түйген ол қолында алкоголь өнімдерін сақтауға, көтерме, бөлшек саудаға шығарып сатуға және этил спиртін айналымға шығаруға лицензиясы жоқ болғанына қарамастан, Ресейге барған да, белгісіз біреулерден контрафактілік алкоголь өнімдерін сатып алған.

Осылай жалған кәсіпкерлікпен айналысып келген ол Жамбыл көшесі бойындағы “Көктөбе” сауда үйінің жанында 3 жәшік виски сатып, 98 мың теңгені қалтасына басып жатқан кезде ұсталған. Оның жымысқы ниетін жүзеге асыру мақсатында жалдаған қоймасынан 737 шөлмек алкоголь өнімдері алынды. Қоймадағы байлықтың жалпы бағасы – 3 452 510 теңге.

Осы қылмыстық істі қараған Петропавл қалалық соты заңсыз кәсіпкерді Қылмыстық кодекстің 214-бабының 1-тармағы бойынша кінәлі деп тауып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды. Оның арам жолмен тапқан дүние-мүлкі түгел тәркіленді. Ал алкогольді өнімдердің көзі жойылатын болды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қошан ҚАЛИ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp