«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕДЕЛСАТЫНЫ ЖӨНДЕУ ТАЛАПТАРЫ

Қазіргі уақытта облыс орталығында лифтілердің басым бөлігінің тозығы жеткен. Петропавл қаласында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерде 350 лифті болса, көбі ауыстыруды талап етеді. Сондықтан қала тұрғындары біздің департаментке лифтілерді ауыстыру бойынша өтініш айтып, жиі хабарласады.

Кеден одағында “Лифт қауіпсіз­дігі туралы” (КО ТР 011/2011) тех­ни­калық талаптар бар. Біздің елі­мізде жеделсатыларды ауыстыру жұмысын 2014 жылдан бері жергі­лікті атқарушы орган жүргізеді. Ке­ден талаптарында лифтілер әр же­ті жыл сайын талаптарға сәйкес­тен­­дірілуі керектігі жазылған. Яғни, 2020 жылғы 15 ақпаннан бастап оларды жаңғырту немесе бөлшек­терін ауыстыру жұмыстары қолға алынуы тиіс.
Бүгінгі таңда лифтілерге техни­ка­лық қызмет көрсету, сәйкестігін рас­­тау және сынау жөнінде бірқа­тар мәселелер бар. “Лифт қауіпсіз­дігі туралы” техникалық талаптарға сәйкес жеделсаты міндетті серти­фи­­кат­таудан өтуі тиіс. Құжатта лиф­тілерді жаңғырту және оның қа­уіпсіздігін арттыру мәселелері атап көрсетілген. Өндіруші туралы ақпа­рат (атауы және тауар таңба­сы), бұйымның зауыт нөмірі және әзір­ленген жылы қолже­тімді жерде орналастырылуы тиіс. Құжатта лифт қауіпсіздігіне арнал­ған талап­тар айқын болуы керек. Сон­дай-ақ, регламенттер мен қо­сымшаларда өнімді сертификат­тау схемалары мен ережелері то­лық жазылып, міндетті сертифи­кат­тауға жататын қауіпсіздік құ­рылғыларының тізбегі келті­рілген.
Лифтіні алып тастау немесе қо­сым­ша жабдықтар ор­на­ту туралы шешімді үй иелері қабыл­дайды. Осы орай­да ол аккредит­телген зертхана жүргізген сынақ­тар және сәйкестікті растау органы ұсынған құжаттарға сүйенеді. Же­делсатының қа­уіпсіздігі заңнамада белгіленген тәр­тіппен тексеріледі. Заңнамада белгіленген тәртіпке сәй­кес аккредиттелген ұйым тех­никалық куәландыруды 12 айда бір рет жүзеге асырады.
Еуразиялық эко­номикалық комиссия кеңесі “Кеден одағының тех­никалық регламент­теріне өзгеріс­­тер енгізу туралы” 2019 жылғы 19 желтоқсанда №112 шешімді қабылдады. “Лифтілердің қауіпсіздігі” (КО ТР 011/2011) тех­ни­калық регламентінің 5.5-тармағын­дағы “7 жыл” деген сөздер “12 жыл” де­ген сөздермен ауыстырылды. Яғ­ни, қазір ол үшін белгіленген ша­ралар 2025 жылдың 15 ақпанынан кешіктірілмей аяқталуы мүмкін.

Азамат КӘРІМОВ,
облыстық техникалық реттеу және метрология  департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp