«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРЛЕСТЕР ЕРЛІГІНЕ ТАҒЗЫМ

Қаңтардың 27-сі – Ленинград құрсауы бұзылған күн. Осыған орай облыс әкімі Ерік Сұлтанов бастаған ардагерлер, тыл еңбеккерлері, облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаттары, зиялы қауым өкілдері, сарбаздар, студенттер мен мектеп оқушылары Петропавлдағы 314-ші атқыштар дивизиясының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, қанды қырғында мерт болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Бүгінгі таңда Петропавлда Екінші дүниежүзілік соғыстың 162 ардагері мен Ленинград құрсауында болған 11 адам бар.  

Неміс басқыншылары Ленинградты 1941 жылдың күзінде құрсауға алады. 872 күнге созылған ұрыста кеңес әскерлері қаланы тек Ладога көлі жағынан қорғап, азық-түлікпен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болады.

Құрсауды бұзу жолында екі жылдан астам жүргізілген кескілескен ұрыстарда біздің өңірімізде жасақталған 314-ші атқыштар дивизиясының ерлігі өлшеусіз болды. Олар жау шебін бұзып, Ленинградты азат етті. Оның барысында көз жұмған Кеңес Одағының адамдары саны – бір жарым миллион.

Арада жеті онжылдықтан астам уақыт өтсе де, ол күндердің даңқы өшпейді.

Сол жылдардың куәсі болған қарт майдангерлердің тілектері біреу: ол – ұрпақтарының бейбіт өмірде күн кешуі.

Самат ЕСМАҒИ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суреттерді түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp