Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан ересектер арасындағы ел біріншілігі өз мәресіне жетті.
Сайыс қорытындысы бойынша Маргарита Мұқашева 800 метрлік қашықтықта жеңімпаз атанды. Тағы бір жерлесіміз – Сайлау Теміртасов 1500 метрде сайысқан 15 спортшының арасында күміс медальға қол жеткізді. Үш қарғып секіруде Диляра Әбуова жеңімпаз атанса, Евгений Эктов екінші болды. Ал Екатерина Эктова ұзындыққа секіруде 6,2 метр нәтиже көрсетіп, жеңістің жоғары сатысына көтерілді.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.