«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРЛЕСІМІЗ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ Алексей Луценконы облыс әкімі құттықтады

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында солтүстікқазақстандық велошабандоз Алексей Луценко алтыннан алқа тақты.

Алексей Луценко 42 шақырымдық жекелей сында барлық қарсыластарын шаң қаптырып, бас-аяғы 50 минут 28 секундта мәре сызығын қиды. Екінші орын – отандасымыздан 33 секундқа қалып қойған қырғыз спортшысы Евгений Ваккерге, ал қола медаль ирандық велошабандоз Хоссейн Аскариге бұйырды.

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов жерлесімізді айтулы жеңісімен құттықтап, жеделхат жолдады. Онда өңір басшысы Алексейдің жеңісі барлық қазақстандықтар үшін үлкен қуаныш екенін айтып, бұл жеңіс, сонымен қатар еліміздегі велоспорт саласының деңгейін көрсететіндігін атап көрсетті. Ерік Сұлтанов велоспортшыға мықты денсаулық пен спорттық мансабында жаңа жеңістер тіледі.  

Сондай-ақ, Ерік Хамзаұлы Алексей Луценко өнер көрсетіп жүрген “Астана” велокомандасының менеджері Александр Винокуровты да құттықтады.

Қазақстан құрамасы Азия ойындарында 9 алтын, 9 күміс және 17 қола медальмен жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp