«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕТПІС БЕС ЖЫЛ САҚТАЛҒАН…

2016 жылғы 15-ші сәуірден бері тұрғындардан оқ ататын қаруларды, ұңғысы кесілген мылтықтардың патрондарын және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша республикалық акция өтуде. Сол күннен былайғы уақытта петропавлдықтар 54 қаруды тапсырды. Олардың 43-і – тегіс оқпанды, 10- ұңғысы кесілген, 1-еуі – травматикалық қару.

39 тұрғынға 1 млн.737 мың теңге мөлшерінде сыйақы төленді. Осы орайда акцияның жалғасып жатқанын, тұрғындардың заңсыз сақтап жүрген қару-жарақтарын сыйақы төлеп алатынымызға назар аударамыз. Сондықтан қару-жарақтарын қалалық ішкі істер басқармасына тапсыруларын өтінеміз,-деді басқарма бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Серік Дәулетов.

Акция жайлы газеттерден оқып-білген 37 жасар қала тұрғыны ұңғысы кесілген аңшы мылтығын тапсыруды ұйғарыпты. Оны әкеліп өткізгені үшін 44 мың теңге мөлшерінде өтемақы беріледі.

Ал, екінші бір тұрғын Ұлы Отан соғысы басталған жылы шығарылған тегіс оқпанды мылтықты әкелген екен. Бұл қарудың сақталғанына биыл – жепіс бес жыл.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаментінің

баспасөз қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp