«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕҢІСКЕ ЖІГЕРЛЕНДІРЕДІ

Биылғы Жолдау бүгінгі жаһанның тыныс-тіршілігімен байланыстырылып, әлемдік ахуалдың күрделі кезеңімен ұштасып отыр. Елбасы “Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін” деген қағидамен еңбек етуге шақырды. Онда ол: “Біз заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отыруымыз қажет. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген Отанымыз – Қазақстанды Мәңгілік Ел ету”, – деді.

Қазақстанның алдағы межесі – әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Мемлекет басшысы бұл мақсатқа жету жолында қиындық кездесетінін, соған дайын болып, тиісті шаралар қабылдау керектігін сөз етті. Сондықтан биылғы Жолдауда жаңа қатерлерді айқындап, тың мүмкіндіктерді іске қосу – жаһандық ахуалдың талабы.  

Қазақстан – қандай қиындық болса да жеңіп, дамып келе жатқан мемлекет. Еліміз өз тарихында болмаған экономикалық даму қарқынына қол жеткізді. Мәселен, елімізде 1300 денсаулық сақтау және 1700-ден астам білім нысанын салу – халық игілігін ойлаудың нәтижесі.

Елбасы Жолдауы арқылы бүгінгі жаһандық дағдарыс жағдайында экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған пәрменді қадамдар бойынша жұмыс істеуге тапсырма берді. Соның ішінде ел экономикасын долларсыздандыру мақсатында банктер доллармен сақталатын депозиттердің пайызын төмендету, қаржы тетіктерін кеңейту арқылы ұлттық валютаға деген сенімді нығайту үшін Үкімет пен Ұлттық банкке нақты ұсыныстар әзірлеуді міндеттеді.

Мемлекет басшысы осынау алмағайып заманда Жолдауда айтылған міндеттерді орындау оңайға соқпайтынын ескертті. “Дағдарыстың бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлттық құндылықтар ғана мәңгі. Мен айтып өткендердің барлығы – жеңуге болатын, біз жеңе алатын бөгеттер. Біз көлденең шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз”, – деген Елбасының сөздері біздің де бойымызға күш-қуат береді.

Айбек ХОРШАТ,

Ақжар аудандық пошта байланысы торабының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp