«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕҢІСТЕР МЕН ЖЕҢІЛІСТЕР

Футболдан әлем біріншілігі шешуші кезеңге қадам басты.

Оңтүстік Кореяны Алжир құрамасы ірі есеппен (2:4) тізе бүктірді. Сөйтіп, Алжир құрамасы өзінің алғашқы үш ұпайына қол жеткізді.

Испания мундиальдағы соңғы матчында жеңiске жеттi. “В” тобының аутсайдерлерi Испания мен Австралия құрамалары кездестi. Бұл ойында Испания құрамасы 3:0 есебiмен басым түсті.

Айта кетейiк, бұл топта нидерландықтар 9 ұпаймен бiрiншi орынды еншіледі. 6 ұпай жинаған Чили құрамасы плей-оффқа жолдама алды. Ал Испания бiр жеңiсiмен жарыстың келесі кезеңіне шыға алмады. Австралия 0 ұпаймен көш соңында қалды.

АҚШ командасы португалиялықтармен тең ойнады. Бұл ойында сөзсiз фаворит болған Португалия құрамасы бiрiншi таймның 5-ші минутында есеп ашқан болатын. Оның авторы – Нани. Дегенмен, 63-минутта америкалық футболшы Джермейн Джонс есептi теңестiрсе, 81-минутта Клинт Дэмпсей өз құрамасын алға шығарды. Алайда, қарымта шабуылға көшкен португалдық Варела 95-минутта есептi 2:2-ге жеткiздi. Осылайша, “G” тобында АҚШ командасы сенсациялық жағдайда 4 ұпаймен Германиямен бiрге көш бастауда. Одан кейiн 1 ұпаймен Гана мен португалдықтар тұр.

Біріншілікте Нидерланды мен Чили құрамалары өзара кездесіп, Нидерланды Чилидi тізе бүктірді. “В” тобында 6 ұпайға ие болған қос команда бiрiншi орынға таласқан болатын.

Сөйтіп, голландиялықтар 9 ұпаймен топта бiрiншi орын алып, бiрiншiлiктiң плей-офф кезеңiне шықты. Ал 6 ұпаймен екінші орын алған чилиліктер де 1/8 финал жолдамасын қалтаға басты.

Үшiншi турда Мексика Хорватия құрамасын 3:1 есебiмен ойсырата жеңдi. Хорваттарды тiзе бүктiрген Мексика құрамасы 7 ұпаймен финалдық бәсекеге жолдама алды.

Үшiншi турда Бразилия Камерун құрамасынан 4:1 есебiмен басым түсті. Осы жеңiсiнен кейiн бразилиялықтар “А” тобында 7 ұпай еншiлеп, бiрiншi орынмен плей-оффқа шықты.

Ал хорваттарды тiзе бүктiрген Мексика құрамасы да 7 ұпаймен финалдық бәсекелерге жолдама алды. Ұпайдан кемшiн түскен Хорватия мен Камерун үйлерiне қайтатын болды.

Ал Англия соңғы ойында Коста Риканы ұта алмады. Біріншілік басталғанда “D” тобының аутсайдері саналған Коста Рика өз тобында бірінші орын алды. Бұл құрама алғашында Уругвайды, кейін Италияны ұтты. Ал соңғы ойында Англиямен тең тарқасты – 0:0.

Қанат АТАМАНОВ,

 “Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp