«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖУРНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫ – ЕКІНШІ ОРЫНДА

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің журналистика кафедрасы еліміздің жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларының рейтингінде екінші орынға тұрақтады. 

Мамандар Қазақстанның педагогикалық бағытта білім беретін барлық университеттерін жан-жақты зерттеген. Олар ең алдымен жоғары оқу орны студенттерінің мемлекеттік грантты жеңіп алу, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштерін саралаған. Сонымен қатар болашақ журналистердің орташа бағасы, жұмыс берушілердің олар туралы пікірлері де ескеріліпті. Бір айта кетерлігі, былтыр СҚУ журналистика кафедрасын тамамдаған түлектердің тоқсан пайызынан астамы жұмысқа орналасқан.

– Біз бұл жетістікті кафедра ұстаздарына да берілген жоғары баға деп қабылдадық. Шәкірттеріміз алған білімдерін нақты іс жүзінде дәлелдеп, өңіріміздегі журналистика саласының дамуына үлес қосып жатса, біздің де еңбегіміздің еш кетпегені, – дейді М.Қозыбаев атындағы СҚУ журналистика кафедрасының меңгерушісі Айсұлу Шайкенова.
 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp