Облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаменті жуырда жергілікті ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз турын өткізіп, жалпыүйлік жылу қуатын есептегіш құрал қойылған Петропавл қаласы Бостандық көшесі, 17-үй мекен-жайындағы бесқабатты үйдің мысалында төрт айдың (қазан-қаңтар) қорытындысы бойынша жылыту маусымындағы оң көрсеткіштермен таныстырды.
Тоқтар ЗІКІРИН,
“Солтүстік Қазақстан”.
Осы қысқа мерзім ішіндегі жалпыүйлік есептегіш құралдарын орнатудан байқалған экономикалық тиімділік айтарлықтай. Яғни, өткен жылғы 1 қазаннан күшіне енген тарифтер бойынша жылудың 1 шаршы метріне 87,41 теңге және ыстық сумен қамтамасыз етуге 1 адамға 466,19 теңге көлеміндегі жылу қуатының жалпыүйлік есептегіш құралдарының айлық қорытынды көрсеткіштері жылу есептегіштері орнатылған 169 үй бойынша 2013-2014 жылу беру маусымының қазан-қаңтар кезеңінде былайша құралды: жылу үшін орташа тариф 1 шаршы метрге – 63,74 теңге, ыстық сумен қамтамасыз етуге 1 адамға 454,10 теңгені құрады, яғни бұл үйлерде іс жүзіндегі көрсеткіштер бекітілгендерінен сәйкес түрде 27,1 және 2,5 пайызға кем. Бұл ретте 115 үйде (немесе 68 пайызында) есептегіш құралдары бойынша жылу тарифі 1 шаршы метріне 70 теңгеден аспайтын көлемде түзілді. Соның ішінде: 14 үйдің тарифі 1 шаршы метріне – 50 теңгеден кем; 42 үйдің тарифі 1 шаршы метрге – 50-60 теңгенің аралығында; 59 үйдің тарифі 1 шаршы метрге 60-70 теңгенің аралығында түзілді.
Баспасөз турының барысында “Бостандық,17” пәтер иелері кооперативінің төрайымы В. Сусликова екі маусымнан бері жылу есептегіші жұмыс істеп тұрған өз үйінің мысалында жалпыүйлік жылу есептегіш құралын орнатудың титімділігі туралы айтып берді. Үстіміздегі жылыту маусымындағы төрт айдың қорытындысы бойынша аталмыш үйдегі жылу үшін орташа тариф бір шаршы метрге 37,82 теңге, ыстық сумен қамтамасыз етуде 1 адамға айына 442,49 теңге көлемінде құралған. Сөйтіп, осы үй бойынша төрт айдың ішінде жылу қуатынан 856,5 теңге үнемделген. Үй тұрғындары есептегіш құралын сатып алу және орнату шығындарын бірінші жылыту маусымының ішінде ақтап отыр. Бұл әлі жылу есептегіш құралдарын орнатпаған басқа үйлердің тұрғындарына үлгі болса керек.