«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖІБЕК ҚҰРТЫ – ӨТЕ ҚАУІПТІ ЗИЯНКЕС

Жұпсыз жібек құрты – ол барлық жапырақтыларды, ішінара қылқан жапырақтыларды зақымдайтын әдеттегі орман зиянкесі, бірақ қайыңды орманға неғұрлым көп залал келтіреді. Ол Қазақстанда карантиндік зиянкестерге жатқызылған. Жұпсыз жібек құрты қоршаған ортаға оңай бейімделеді, қоректен тапшылық көрмейді. Жұпсыз жібек құртының ерекше жандануы әдетте олардың құштар өсімдігі қайыңнан басталады. Зиянкестер қаулап өскен кезде және де басқа ағаш түрлері зақымданады. Ағаштар әдетте гүлдену және бойлап өсу кезеңдерінде бүлінеді.

Зиянкестің жаппай көбеюі жыл сайын байқалады. Көбінесе олар жергілікті сипат танытады және ошақтары шағын алаңдарды алады, бірақ кейде ауқымды алқаптарға да тарайды және толқынданып жайылады. 2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 167330 гектар, оның ішінде Қызылжар ауданында – 70618 және М.Жұмабаев ауданында 73723 гектар алқапқа зиян келді.

Жібек құртының оңтайлы даму температурасы 20-25 градус. Мұндай температура жағдайында оның дамуы 35-40 күнде өтеді, төмен температуралық жағдайда ол 50-80 күнге дейін созылады, ал 10 градустық температурада дамуын мүлде тоқтатады. Еркек жібек құртының қоңызшалары бес, ал аналықтары алты өсу кезеңінен өтеді. Құртшаларын маусым және шілде айының басында ағаштың жапырақты басына, дін қабығындағы жарықшаларға және басқа таса жерлерге салады. Құртшалардың жетілу мерзімі 12-20 күнге созылады. Еркек құрттардың барынша өнімділері екі-төрт жерге бөліп 100-ге дейін жұмыртқа салады, көбелекшелердің ұшуы шілдеде басталады. Кейде географиялық және ауа райы жағдайларына байланысты ерте ұшатын кездері де болады. Ұрғашыларына қарағанда, еркек құрт көбелектері 5-7 күнге бұрын ұшады. Олар кешкілік уақытта белсенді, бірақ күндіз де жиі ұшады. Күзгі маусымда олардың эмбрионалдық дамуы өтеді, қалыптасуға жақын қалған құртшалар жұмыртқалар қабыршағында қыстап шығады. Оның 50 градус аязға дейін шыдамдылығы таңғаларлық жай.

Жібек құртымен күрес шаралары жұмыртқа салу кезінен басталып, оларды толық жойғанша жүргізілуі тиіс. Құртшалар салындылары жұмысталған мұнай өнімдерімен өңделеді. Неғұрлым тиімді күрес әдісі оны химиялық өңдеу болып табылады. Осы мақсатқа мына инсектицидтер қолданылады: Димирон 48% с.к. (0,095 л/га), Децис 2,5% к.э. (0,04-0,08 л/га). Үстіміздегі жылы өңдеу жұмыстары Димирон 48% с.к. инсектицидімен өтімділігі жоғары автомобиль базасындағы ГАРD газогенераторларымен жүргізіледі. Аталмыш дәрілік зат гүлденген кезде ұшатын араларды уламайды, сүтқоректілер, құстар және балықтар үшін оның улылығы өте төмен, қоршаған ортаға теріс әсерін тигізбейді.

Владимир ОТРАДНЫХ,

 облыстық ауыл шаруашылығы аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp