«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыс прокуратурасы облыстық соттың қолдауымен әкімшілік заң бұзушылықтар туралы істер бойынша іс-шара ұйымдастырды.
Жиын жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, сот жүйесіне деген сенімді арттыруға және әкімшілік іс жүргізудегі «жариялылық пен заңдылық» қағидаттарын көрсетуге бағытталған. Көрнекі процестер іс жүзінде ұсақ заң бұзушылықтар үшін де «жазаның бұлтартпайтындығы» қағидасын көрсетеді.
Осы жылдың 5 айында әкімшілік құқық бұзушылық туралы 4220 іс қаралды, олар бойынша 2 257 адам қамауға алынды және 1 794 адамға жалпы сомасы 314 млн. теңге айыппұл салынды, ал 169 құқық бұзушыға ескерту берілді.
Соттарда құқық бұзушылық санатындағы жиі қаралатын істерге ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда мас күйде жүру және көлік жүргізу, сот актілерін орындамау, қорғау ұйғарымдарының талаптарын бұзу және отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар жатады.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,
«Soltüstık Qazaqstan».