«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮЗГІШТЕР ҚОРЖЫНЫНДА – 11 МЕДАЛЬ

Ресейдің Қорған облысында суда жүзуден ашық облыс біріншілігі өз мәресіне жетті.  

Бәсекелі додада жерлестеріміз қоржындарын майлап қайтты. Атап айтқанда, Алена Брацун (100 м., кроль) жеңімпаз атанды. Екінші орынға Макар Козяйчев, (100 м., баттерфляй), Рахат Қазбеков, (100 м., брасс) және Ксения Запорощенко, (100 м., кроль) жайғасты. Ал Егор Кубчин (100 м., брасс), Игорь Абрамов (100 м., кроль), Макар Козяйчев (200 м., кешенді жүзу), Александр Ануфриев (100 м., кроль), Ксения Запорощенко (100 м., баттерфляй), Екатерина Кубасова 100 м., кроль) және Карина Пшембаева (100 м., брасс) үшінші орыннан көрінгендердің қатарынан табыла білді.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp