«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰМЫС ІЗДЕГЕНДЕР ЖӘРМЕҢКЕГЕ ТОҒЫСТЫ

Облыс орталығында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жұмыс іздеп жүргендерге 20-дан астам кәсіпорын 200-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды.

Әсіресе, соңғы кездері техникалық және педагогикалық мамандарға, медицина қызметкерлеріне сұраныс артқан. Ал жұмыс іздеушілерді облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері жергілікті мемлекеттік органдардағы бос жұмыс орындары туралы ақпараттандырып, оның негізгі бағыттары және талаптары туралы түсіндірді.

Сондай-ақ, жәрмеңкеге келгендерге мемлекеттік қызметті өткеру, бос әкімшілік лауазымға орналасу үшін тестілеуден өту және конкурсқа қатысу мәселелері бойынша кеңес берілді. Ниет білдірушілерге аталмыш департаменттің ресми интернет-ресурсындағы “Бос лауазымдар” бөлімі таныстырылды. Бұған қоса, мемлекеттік мекемелердегі жемқорлық әрекеттерге жол бермеу үшін тиісті органдарға жүгінудің жолдары жайында сөз қозғалды.  

Жыл басынан бері бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі 11 мәрте ұйымдастырылса, соның үшеуі жастар мен мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін өткізілді. Оларға 500-ге жуық ұйым 2257 жұмыс орнын ұсынды.

Айгүл ЫСҚАҚОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp