«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗЕЙНЕТАҚЫ ӨСТІ

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 29 қарашадағы “2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” Заңына сәйкес үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған зейнетақы төлемдері өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға жоғарылады. Шілдеде тағы 11 пайызға өседі.

Аталған Заңға сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтардан тағайындалатын ең төменгі зейнетақы төлемі – 28148, базалық зейнетақы төлемі – 12802, күнкөріс минимумы мен ең аз еңбекақы мөлшері – 24459, айлық есептік көрсеткіш 2269 теңгені құрады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылдың 15 желтоқсанында зейнетақы төлемдерінің, бала тууға байланысты біржолғы жәрдемақының және базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшерін 20 пайызға ұлғайту туралы берген тапсырмасын орындау мақсатында үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен зейнетақы мөлшерлері – 11, базалық зейнетақы төлемі мен бала тууға байланысты біржолғы жәрдемақы 13 пайызға өсірілетін болады.

Үстіміздегі жылы күнкөріс минимумының өзгеруіне байланысты мүгедектігіне, асыраушысынан айрылуына байланысты және жасы бойынша тағайындалған базалық мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің мөлшерлері 7 пайызға жоғарылады. Сондай-ақ, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты бала тууға және бір жасқа толуына байланысты біржолғы жәрдемақы, №1 және №2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшерлері де ұлғайды.

Бұдан басқа міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айрылуына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне арналған әлеуметтік төлемдердің мөлшерлері 7 пайызға артты.

Бүгінгі күні облыс аумағында 100700-дей зейнеткер бар. Олардың зейнетақы төлемдері қаңтар айында жоғарылатылған мөлшермен төленуде. Үстіміздегі жылы зейнетақы төлемін есептеу барысында қолданылатын ең жоғары табыс 93029 теңгені (41 айлық есептік көрсеткіш) құрайды.

Жаңа жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінің өсірілуін мысалдар арқылы көрсете кетсек.

1-мысал: 2016 жылдың желтоқсан айында 42500 теңге мөлшерінде зейнетақы, 11965 теңге көлемінде базалық зейнетақы алған зейнеткердің барлық әлеуметтік төлемдерінің мөлшері 54465 теңгені құрады. Енді оның 2017 жылғы 1 қаңтардан тағайындалған жаңа зейнетақы төлемі – 46325 теңгені (42500 х 9%) және базалық зейнетақысы 12802 теңге мөлшерінде болады. Барлығын қоса есептегендегі әлеуметтік төлемдерінің мөлшері ай сайын 59127 теңгені құрайды.

2-мысал: Зейнеткер өткен жылдың желтоқсан айында 35250 теңге көлемінде зейнетақы, 11965 теңге базалық зейнетақы, 2-топтағы мүгедектігіне 3161 теңге мөлшерінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлемін алып, оның барлық әлеуметтік төлемдер мөлшері 50376 теңге болған.

Жаңа жылдан бастап оның зейнетақы төлемі – 38423 (35250 х 9%), базалық зейнетақы төлемі – 12802 теңге және екінші топтағы мүгедектігі үшін алатын арнайы мемлекеттік жәрдемақысы 3381 теңгені құрайды. Сөйтіп, барлығын қоса есептегендегі әлеуметтік төлемдер мөлшері ай сайын 54606 теңге болады.

Арай НҰҒЫМАНОВА,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp