Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында орналасқан “ЕС-164/8” түзету мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында “Колонияда ашуға болатын үздік бизнес жоба” атты байқау өтті.
Жазасын өтеушілер қазылар алқасының назарына “Қоян фермасы”, “Тігін шеберханасы”, “Макулатураны қайта өңдеу” және тағы басқа жобаларын ұсынды. Әр қатысушы оны жүзеге асыру жолдары жайлы сөз етті. Сондай-ақ, мамандардан тиісті кеңес алды.
Кәсіпкерлер түзету мекемесінде қоян өсіру фермасын, тігін цехын ашу идеясын жоғары бағалады.
Байқауда үздік деп танылған жобалар алдағы уақытта жүзеге асырылатын болса, онда жоба авторына жеке кәсіпкер ретінде тіркелу мүмкіндігі беріледі.
Дмитрий РУЦКИЙ,
“ЕС-164/8 мекемесі” республикалық мемлекеттік мекемесінің инспекторы.
Айыртау ауданы.