Бүгінгі жағдайда Солтүстік Қазақстан облысының аумағында кедендік шекараның жоқтығына қарамастан, кедендік органдарда жұмыс істегісі келетін облыс тұрғындарының, сол сияқты жас мамандардың, Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті деңгейінде жаңа штат жинақтау әдістерінің енгізілуіне байланысты Қазақстанның кез келген облысында жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар. Осындай әдістердің бірі “Вакансия” сервисі болып табылады, ол ұшқыр режімде жуырда ғана енгізілген, бірақ қазірдің өзінде кедендік органға жұмысқа орналасқысы келетін Интернет-пайдаланушылардың ортасында көптің көңілінен шығуда.
Сөйтіп, Қазақстан Республикасының кез келген азаматы (Интернетресурсты пайдаланушы) Кедендік бақылау комитетінің www.e.customs.kz ресми веб-порталы арқылы кедендік органдар қызметіне қабылдану үшін таңдауға қатысуға өтініш жібере алады.
Жаңа “Вакансия” сервисі кедендік органдарға қызметке қабылдау рәсімінің неғұрлым мөлдірлігін және ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, кадр қызметтерінің негізсіз резюме қабылдаудан бас тартуларына жол бермейді және олардың уақтылы қаралуын қамтамасыз етеді. Бос қызмет болмаған жағдайда жаңа сервис кәсіптік тұрғыда сапалы кадрлар резервін құруға мүмкіндік береді.
Интернет бойынша өз резюмесін жіберген әркім электрондық пошта арқылы оның қаралу нәтижелері туралы толық жауап алады. Біліктілік талаптарына сәйкес келетін үміткерлер әңгімелесуден өту және қызметке қабылдануға қажетті құжаттар, бұрынғы жұмыс орнынан мінездеме және тағы басқаларын тапсыру үшін кадр бөліміне шақырылады. Бұл ретте үміткерлер қандай өңірде жұмыс істегісі келетінін, шекарада ма немесе астанада ма, оны өздері таңдайды. Үміткерлерге Ұлттық қауіпсіздік органдарында міндетті арнайы тексерістен өту үшін қажетті құжаттар тізімі және әскери-дәрігерлік комиссиядан өтуге жолдама беріледі.
Жаңа сервистің 3 айға толар-толмас жұмысында порталға 109 өтініш түсті, соның ішінде 50 үміткер қазіргі уақытта құжаттар жинастыруда және тексерістер мен дәрігерлік комиссиядан өтуге жіберілді, 15 үміткер әңгімелесуге шақырылды, 34 үміткердің біліктілік талаптарына сәйкессіздігі себепті жолы кесілді, 5-іне қызмет саласы бойынша вакансия болмауы себепті қабылдау жасалмайтын болды.
Сөйтіп, аз уақыттың ішінде ұшқыр жоба бойынша аумақтық кедендік органдар басшыларының бұйрығымен кедендік орган қызметіне 5 online-үміткер қабылданды (Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаменттеріне).
“Вакансия” сервисі – қоғамда кең қолданыс табатын мемлекеттік органдардағы адами әлеуетті басқару мәселесіндегі жаңа қадам. Кедендік бақылау комитеті барлық мүдделі тұлғаларды “Вакансия” сервисі жұмысын жақсарту үшін өз пікірлері мен ұсыныстарын жолдауға шақырады.
Кеденге істі зор жауапкершілікпен атқаратын, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау жөнінде қойылған міндеттерді шешуге жаңа осызаманғы көзқараспен қарайтын білікті жас кадрлар қажет. Өз кезегінде кедендік органдардың басшылығы жаңа қабылданғандарға әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау үшін барлық шараларды қарастыруда. Қазіргі уақытта кедендік шекара елдің оңтүстік белдеуіне ауыстырылуына байланысты кедендік қызметтің жас мамандары үшін Кеден одағы көлемінде 1-3 бөлмелі пәтерлер, үйлер бөлінуде, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жүргізілуде.
Жаңа күн талабындағы қызметке жан-жақты біліммен және өзіндік көзқарастарымен келген қазіргі жаңашыл жас мамандар Қазақстан кеденінің болашағы болып табылады.
Облыстық кедендік бақылау
департаментінің баспасөз қызметі.