Петропавлдағы Театр алаңында әскер қатарына шығарып салуға арналған салтанатты шара өтті.
Солтүстікқазақстандық 30 жігіт Отан алдындағы әскери борышын Семей қаласында өтейтін болады. Жоспар бойынша биыл күзде Қызылжар өңірінен 600-ден астам жігіт әскерге шақырылуы тиіс. Күзгі шақыру науқаны басталғалы 140 азамат әскери бөлімдерге жөнелтілген екен.