«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕШЕНДІ ШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов жергілікті телеарналар арқылы облыс тұрғындарымен тікелей сұхбат жүргізіп, адамзатқа үлкен қауіп төндіріп отырған коронавирусқа қатысты ахуал мен жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары туралы баяндады.

– Елімізде коронавирус жұқтырғандардың анықталуы солтүстікқазақстандықтарды да қатты алаңдатып отыр. Осыған орай көптеген сауалдардың туындайтыны заңды. Баса ай­тарым, халықтың денсаулығы мен өмірін сақ­тау, жақсарту бағытында қабылданып жатқан кешенді шараларға түсіністікпен қарау керек, – деген Құмар Іргебайұлы 16 наурызда Мем­ле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рес­пуб­лика жұртшылығына Үндеу арнап, бір айға төтенше жағдай жарияланғанын, бүгінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жа­былғанын, облыста ахуал қалыпты, күнделікті бақылауға алынғанын, жұқпалы кеселдің алдын алу, болдырмау шаралары кешенді түрде атқарылып жатқанын атап өтті.
Адамдар көп шоғырланатын қоғамдық-көп­шілік орындарда, мәдениет, білім беру меке­мелерінде санитарлық және дезинфекциялық жұмыстар ерекше жанданды. Айрықша ма­ңыз­ды және тіршілікті қамтамасыз ететін ны­сандар қорғауға алынды. Сондай-ақ, тұрғын­дар­дың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақса­тымен көшелерді бақылау күшейтілді.
Облыс әкімі Үкімет пен жергілікті билік орын­дары тарапынан қауіпті вирустың тара­луын болдырмау және аймақта әлеуметтік-эко­номикалық тұрақтылықты сақтауға байла­нысты қабылданып жатқан шараларға тоқ­тал­ды. Облыста коронавирус жұқтыру фактісі тір­келген жоқ. Бірақ солай екен деп самар­қау­лыққа, жайбарақаттыққа салынуға болмайды. Жағдай бүкіл қызмет орындары тарапынан қатаң бақылауда болуы тиіс. Барлығы 161 адам карантинге алынып, 96-сы үйлеріне аман-сау оралды.
Облыс әкімі тұрғындар үшін өткір мәселе­нің бірі ретінде жеке қорғаныш құралдары тап­шылығын атады. Бұл – Қазақстан ғана емес, әлем үшін өте өзекті. Қазір осы шетін мә­селені жедел шешу үшін кәсіпорындар бет­перде шығаруға бағдарланып отыр. Ал тұр­мыстық химия фабрикасында вирустарды тез жоятын арнайы сабын шығарылады.
Құмар Ақсақалов өз сөзінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин жария­лануы адамдардың денсаулығы үшін жаса­лып отырған өте маңызды қадам екенін атап көрсетіп, солтүстікқазақстандықтарды басқа ай­мақтарға, облыс, аудандар ішінде жолса­пар­ға шығудан бас тартуға шақырды. Супер­маркеттер, азық-түлік дүкендері мен сауда-саттық алаңдары қалыпты жұмыс істеп тұр. Өңірде азық-түлік қоры жеткілікті. Күнделікті тұтынатын тауарлар бағасын себепсіз қым­баттатуға жол берілмейді. Былайша айтқан­да, дүрлігуге негіз жоқ.
Құмар Іргебайұлы тұр­ғындарды көпшілік жиналатын отбасылық жиын-тойлар мен кез келген мерекелік іс-ша­раларды өткізуден бас тартуға, яғни азамат­тық жауапкершілік таны­туға шақырды. Қауіпті вирустан қорғанудың барлық қарапайым та­лап­тарын сақтау арқы­лы ғана оның таралуы­на тосқауыл қоюға бо­лады. Жұртшылықтың көп жүретін, жинала­тын орындары, атап айт­қанда, қоғамдық кө­лік­терде, халыққа қызмет көрсету орта­лықтарында санитарлық-про­филактикалық және эпидемияға қарсы жұмыс­тарды жос­парлы түрде атқару өте маңызды. Халыққа қызмет көрсету орталықтары элек­тронды қызмет көрсету жүйесіне ауысты­рыл­ды. Кез келген қызмет түрін үйден шықпай-ақ ин­тернет арқылы алуға мүмкіндік бар. Осы орайда қарттар мен балалардың қауіпсізді­гіне барынша назар аудару қажет. Мектеп оқу­шылары демалысқа жіберіліп, мұғалімдер қа­шықтан білім беру жүйесіне көшірілді. Барлық қосымша білім беру орталықтары мен спорт секциялары өз жұмыстарын уақытша тоқтат­ты. Соған қарамастан оқытушылар мен жат­тықтырушылардың айлық жалақысы сақта­лады. Ал балабақшалар өз жұмыстарын жал­ғастыруда. Колледждер мен университет те онлайн оқыту жүйесіне көшті. Бұған техни­калық мүмкіндіктер бар.
Облыс әкімі сөзінің аяғында коронавирус­тың жаһандық экономикаға кері әсер ету се­бептеріне тоқтала келіп, соған қарамастан шағын және орта бизнестің дамуына барын­ша жағдай жасалатынын, әлеуметтік шиеле­ніске, жұмыссыздыққа жол бермеудің барлық жолдары қарастырылатынын, ол үшін еліміз­де қаржылық та, ұйымдастырушылық та, мо­ральдық та әлеует жеткілікті екенін айтты.

Өмір ЕСҚАЛИ,
“Soltústik Qazaqstan”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp