Тәртіп сақшылары Петропавлдағы бір үйдің гаражынан 800 мың теңгенің контрафактілік товарын тәркіледі.
59 жастағы әйелдің акциз маркасы жоқ алкоголь және темекі өнімдерін саудалайтыны туралы хабар «Көрші бақылауы» бағдарламасы бойынша сенім телефонына белгісіз біреуден түскен. Полицейлер тексеруге келгенде «Фольксваген» көлігімен жеткізілген контрафактілік товардың тағы бір партиясы қоймаға енгізіліп жатқан көрінеді.Енді жүргізуші де жауапқа тартылатын болады. Әрі ол жүргізуші құқығынан айырылған болып шықты.
«Көрші бақылауы» бағдарламасы бойынша биылғы жылы алкоголь өнімдерінің заңсыз саудасына қатысты 9 факті анықталып, 1 мың литрден астам ішімдік тәркіленген.