Мемлекет басшысы Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Разакпен Қазақ ұлттық өнер университетінің есеп беру концертін тамашалады.
Концертте ҚазҰӨУ-дің мектеп оқушылары мен дүниежүзіне табысты гастрольдік сапармен шығып жүрген студенттік ұжымдары әлемдік музыка өнері классиктері мен қазақ халық композиторларының шығармаларын орындады.
Сондай-ақ, университет ректоры, Қазақстан Республикасының халық әртісі А.Мұсақожаева мәртебелі қонақтарды халықаралық конкурстарда жүлделі орындар алып жүрген студенттердің және оқытушылардың көрмеге қойылған жұмыстарымен таныстырды.
Ақорда.