«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кітап сыйлау акциясы

Елімізде Мәдениет жә­не ақпарат министрі Айда Балаеваның бастама­сы­мен “Ауыл кітапханала­рына 100 кітап” акциясы басталды.

Акция аясында белгілі адамдар, қаламгерлер мен билік басын­дағы­лар жеке кітапханасынан немесе өз қаржысына елді мекендердегі кітап­ханаларға кітаптар сыйлап жатыр. Мұндағы мақсат – шалғай ауылдар­дағы оқырмандарға соңғы шыққан заманауи әдебиеттерді жеткізу, кітап оқу мәдениетін нығайту. Бү­гінге дейін еліміздің бірнеше өңірін­дегі оқырмандар жаңа кітаптар алып, ауыл кітапханаларының қо­ры тың туындылармен толықты. Баста­маға Ауыл шаруа­шылы­ғы министрі Айдарбек Сапа­ров, Ішкі істер ми­нистрі Ержан Сә­де­нов, Ең­бек және халықты әлеумет­тік қорғау министрі Светлана Жақы­пова т.б. азаматтар мен ақын-жа­зу­шылар үн қосып, қол­дау білдірген.

Күні кеше Мәдениет және ақпа­рат министрлігі жанынан құрылған “Алқа” әдеби клубының мүшелері жөнелткен 100 кітап Мағжан Жұма­баев ауданына келіп жетті. Елорда­дағы “Алқа” клубының 100 кітапты Алаш ардақтысының атындағы ау­данға жіберуі бекер емес. Өйткені осыдан 100 жыл бұрын ұлт зиялы­лары “Алқа” шығармашылық ұйы­мын құрып, оның “Табалдырық” деп аталатын концепциясын Мағжан Жұ­мабаев жазып шыққан. Мағжан­ның “Табалдырығы” әде­биет пен өнерді дамытудағы ауқым­ды мани­фест саналады. Бүгінгі “Ал­қа” клу­бы­ның мақсаты да – Мағжан Жұма­баев жасаған бағдарламаны ба­рынша жүзеге асырып, әдебиетті на­сихаттау.

Аудандық кітапханаға келіп түс­кен кітаптарға оқырмандар дән ри­за. Игі іске себепші болған “Алқа” клубы енді ақынның туған жері – Сарытомар ауылына да 100 кітап сыйға тартуды жоспарлап отыр.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp