«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛА”

С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың қызметкерлері “Кітапханаға кітап сыйла” атты қайырымдылық акциясын ұйымдастыруда. Шараның мақсаты – кітапхананың қорын түрлі жанрдағы әрі жаңа туындылармен байытып, оқырмандардың талап-тілегін қанағаттандыру, қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Кітапхана директоры Бейбіткүл Әбілмәжінованың айтуынша, 2000 жылдан бүгінгі уақытқа дейін жарыққа шыққан кітаптар қабылдануда. Жаңа әрі мазмұнды, қызықты кітаптар қашанда сұранысқа ие. Олардың көпшілігінің таралымдары аз болған соң әркімнің қолына түсе бермейді.  

Бүгінде балаларға арналған және көркем әдебиет туындыларынан өзге экономика, ауыл шаруашылығы, техника салалары бойынша біраз кітап жиналған. Олардың қатарында марқұм Валерий Любушиннің он мыңға тарта кітаптан құралған жеке кітапханасы да бар.

Акция үстіміздегі жылдың соңына дейін жалғасатын болады.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

 “Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp