“DAZN” стримингтік сервисі қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинмен болатын үшінші жекпе-жекке байланысты Сауль “Канело” Альвареске ультиматум қойды. Олардың кездесуі желтоқсан айында өтуі мүмкін.
“DAZN” өкілі Крис Мэнникстің айтуынша, Сауль Альварестің командасының “IBF” титулына міндетті үміткер украиналық Сергей Деревянченкомен кездесуіне стримингтік сервис тек бір шартпен ғана рұқсат бермек. Яғни, ол үшін орта салмақта “WBC”, “WBA Super” және “IBF” тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен үшінші рет жұдырықтасуға кепілдік беруі тиіс.
“DAZN” рұқсат беру үшін, Альварес Головкинмен үшінші рет жұдырықтасатыны туралы өзіне міндеттеме алуы керек. “Golden Boy” үшін бұл түсінікті сигнал деп ойлаймын” деп жазды Крис Мэнникс әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.
Бұған дейін ғаламторда Альварестің “IBF” титулынан бас тартып, украиналық боксшымен келіссөз бастағаны туралы ақпарат тараған болатын. Мексикалық боксшының айтуынша, ол биылғы қыркүйек айында ешқандай кездесу өткізбейді. Ал “DAZN”-ның осы мәлімдемесінен кейін ол күзде Геннадий Головкинге қарсы шаршы алаңға шығуы әбден мүмкін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp