Қарашаның 22-нен бастап еліміздің кинотеатрларында «Күлтегін» мультфильмі көрсетіледі.
Кішкентай көрермендер арғы бабаларымыздың тарихына қатысты тағы бір қызықты туындыны тамашалай алатын болады. Бұл толықметражды анимациялық фильм көшпенді халықтардың басын біріктірген ұлы түркі қағанатының даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің жастық шағы туралы баяндайды.Фильмнің режиссері Адай Әбілдиновтың айтуынша, анимациялық ауқымды туынды өте аз уақытта – бір жылдың ішінде жасап шығарылған. Ол үшін еліміздің жиырмаға жуық үздік компьютерлік графика және анимация мамандары мен кейіпкерлерді дыбыстаушы актерлер жұмыс істеген.
Толығырақ: https://www.egemen.kz/article/177753-kultegin-bala-tilinde-soeyledi