«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

Қазіргі таңда обыр дерті бойынша облыстық онкологиялық диспансерде 10 мыңға жуық адам тіркеуде тұр.
Мамандардың айтуынша, обыр дертін дер кезінде анықтау емдеу нәтижелерін айтарлықтай жақсартуға, емделушілердің өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Ал науқастардың басым көпшілігінің обырдың соңғы сатысында ғана дәрігерлерге жүгінуі өлім-жітімнің басты көрсеткіші болып саналады. 

  – Бүгінгі таңда ауруға шалдыққандар саны азайды. Алайда, егде жастағы тұрғындар арасында қатерлі ісік аурулары жиі кездеседі. Қазір 962 адам бақылауда тұр, – дейді облыстық онкологиялық диспансері бас дәрігерінің орынбасары Олег Дудяк.
2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында 962 адам обыр ауруына шалдыққан. Оның үш жүзден астамында қатерлі ісіктің алғашқы белгілері пайда болса, 642 адамда дерттің бірінші және екінші сатысы анықталған.
Қазіргі таңда емдеу мекемесінде қатерлі дертпен күрес күшейтілген. Аурудың алдын алу үшін скринингтік тексерулер мен медициналық мекеменің материалдық-техникалық жағдайына ерекше назар аударылуда. Жыл соңында онкологиялық диспансерде магнитті-резонансты томография орнатылмақ.

Жанбота СЕНТАЕВА. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp