Тайынша ауданындағы “Келлеровка” күрежолының дәрігерлік құтқару бекетінің диспетчерлік қосынына түн ортасында қоңырау шалынды. Қақаған аязда “Астана-Петропавл” тасжолында 40 жолаушысы бар автобус тоқтап қалған екен. Обуховка ауылының маңындағы төтенше оқиға орын алған жерге апаттық медицина орталығының жедел әрекет ету бригадасы тез арада жетіп, облыстық ІІД әкімшілік полициясы басқармасының жылжымалы экипажымен бірлесіп, жолаушыларды жақын маңдағы жылыту бекеттеріне жеткізді.
Евгений ЖУРАВЛЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы.