«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көрермен жүрегін тебірентті

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының сахнасында жаңадан ашылған “Start drama” шығармашылық зертханасының жас актерлері “86” спектаклінің премьерасын өткізді. Кейіпкерлерді Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының әртістері сомдады.

Қойылым өткен күндердің естелігін көрермендер жадында жаңғыртты. Талай боздақ қыршынынан қиылған қанды желтоқсан оқиғасына арналған спектакль қасіретті күндерді көз алдыңызға қайта әкеледі.

Актерлердің шеберлігі әсерлі премьераны дүниеге алып келген. Жас өнерпаздардың ізденістері мен еңбегі өз жемісін беріп отыр.

– Бұл спектакль әр көрерменнің жүрегін тебірентті, көзіне жас алдырды. Келген қонақтар өнерпаздарға ыстық қошеметтері мен гүл шоқтарын табыстады. Алдағы уақытта осындай қойылымдар көбеймек, – дейді театр зертханасының жетекшісі Фархат Молдағали.

Айгүл ХАМЗИНА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp