«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨШБАСШЫЛАР КОНГРЕСІНЕ ҚАТЫСАДЫ

Астана қаласының Ұлттық академиялық кітапханасында бір ай бұрын бастау алған республикалық “Жастар экстремизм мен радикализмге қарсы” атты эсселер байқауының қорытындысы жарияланды. 18-35 жас аралығындағылар үшін ұйымдастырылған байқауда жерлесіміз, облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Ержан Мәкен бірінші орын алып, Еуразиялық жас көшбасшылар конгресінің алғашқы отырысына еліміздің атынан қатысу мүмкіндігіне ие болды.

“Жастар экстремизм мен радикализмге қарсы” тақырыбындағы үлкен шара 22 наурыз күні Мәскеу қаласында өтеді. Ұйымдастырушылар М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ақпараттық-сараптама орталығы мен қазақстандық “ZhaStar for Peace” қоғамдық бірлестігі белсенді жастардың назарын халықаралық экстремизммен күрес мәселесіне аударып, діни ағымдардың таралуының алдын алу жолдарын талқылауға шақырып отыр.

– Қоғамның осал тобы ретінде жастармен бұл бағытта жұмыс жүргізудің маңызы артып келді. Өйткені, әлеуметтік, саяси, экономикалық және өзге де факторлардың әсерінен мықты идеологиялық көзқарасы қалыптаспаған жастар түрлі радикалдық ағымдарға беріліп кетіп жатыр, – дейді Ержан Мәкен.

Зәуреш АСЫЛБЕКОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp