Ленинград 1941 жылдың 8 қыркүйегінен 1944 жылдың 27 қаңтарына дейін қоршауда болды. Солтүстiкқазақстандық 314-шi атқыштар дивизиясы 1941 жылдың шiлдесiнде Ленинградты қорғауда ерлiк көрсеттi. 1944 жылы 14 қаңтарда кеңес әскерi жауды тойтарып, ал 1944 жылы 27 қаңтарда Ленинградтағы блокада жойылып, салтанатты түрде атылған салют әлемге Ленинградтың толығымен азат екендiгiн паш еттi.
1944 жылы 314-ші атқыштар дивизиясы Кингисепптi босатуға қатысады және сол ерлiктерi үшiн “Кингисепп” құрметтi атағын алды. 1944 жылы 19 мамырда дивизия Выборг қаласын азат етедi. Мұнда “Выборг” құрметтi атағы берiледi. Соғыс жылдары дивизия құрамындағы 3832 жауынгер орденмен марапатталып, өңірлеріне 4694-i медальдар тақты. 1945 жылы 31 мамырда дивизия таратылды.