Петропавлдық Артем Захаров Олимпиада рейтингінде үздік 18 спортшының қатарына енді. Осылайша қазақстандық трекшілер төрт жылдықтың басты жарысына қатысуға мүмкіндік алды, – деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.
Қазақстанның тасжолдағы велоспорттан Рио-де Жанейродағы Олимпиадаға екі лицензиясы бар. Оның алғашқысын жерлесіміз Алексей Луценко иеленді. Оған облыстық веломектебіміздің тағы бір түлегі Бақтияр Қожатаев та ілесуі мүмкін.
Сонымен бірге, лицензия үшін сайысты біздің жеңілатлеттер Маргарита Мұқашева, Михаил Литвин, Евгений Эктов және ауыр атлетші Айдар Қазов жалғастыруда. 2016 жылғы жазғы паралимпиадалық ойындарға қатысуға мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан өнер көрсететін Сергей Харламовтың да үміті бар.
(Өз тілшіміз).