Көрмеге Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Сайын Мұратбеков пен өзге де авторлардың еңбектері қойылды. Сондай-ақ, баспасөзде жарияланған соғыс тақырыбында жазылған мақалалар да көпшілік назарына ұсынылды. Мектеп оқушылары көрмені қашықтан тамашалап, өз пікірлерімен бөлісті. Шара барысында соғыс туралы өлеңдер оқылды. Балалар зұлмат жылдарға қатысты құнды мәліметтермен танысып, білімдерін кеңейтті.
Жыл сайын мектеп оқушылары 9 мамыр – Жеңіс күні қанды қырғында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етіп, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоятын. Алайда, төтенше жағдайларға байланысты биыл Жеңіс күні жылдағыдай тойланбайды. Дегенмен, өскелең ұрпақ онлайн ұйымдастырылған көрмеге қатысу арқылы ата-бабаларымыздың ерлік істеріне тағы бір көз жеткізіп, бейбіт күн үшін майдангерлерге ризашылықтарын білдірді.
Роза БЕГАЙДАРҚЫЗЫ,
Драгомировка орта мектебінің кітапханашысы.
Тайынша ауданы.