ЕС-164/3 мекемесінің аумағында орналасқан Петропавл кәсіптік колледжін 2014-2015 оқу жылында елуге жуық сотталғандар тамамдап, диплом алды. Түлектер электргазбендәнекерлеуші және ағаш-құрылыс шебері мамандықтарын игерді.
Қылмыстық атқару кодексінің 108-бабына орай сотталғандар оқуға, білімін жетілдіруге міндетті. Сондықтан колледждің білікті маман-ұстаздары оқу үдерісі мен тәрбиелеу мәселелеріне ерекше мән беріп, аяғын шалыс басқандарды қоғамға қалыпты азамат ретінде қайтаруға атсалысады. Колледжде үш шеберхана мен екі дәрісхана заман талабына сай толық жабдықталған. Еңбек құралдары мен техникалық жабдықтар, ағаш, темір өңдеу станоктары тәжірибе барысында пайдаланылады.
Жазасын өтей жүріп, арнайы білім алған түлектерге дипломдар салтанатты түрде табыс етілді.
Серік ЖОЛЫМБЕТОВ,
Петропавл кәсіптік колледжінің
ұстаз-шебері.