Петропавлда Мамлют ауданының күндері өтті.
Екікүндік сапар барысында аудан тарихы, әлеуметтік-экономикалық даму жетістіктері, елге еңбегі сіңген атақты тұлғалар туралы аудандық мұрағат қызметкерлері әзірлеген көрмелер Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағатында ұйымдастырылып, түрлі кездесулерге ұласты. Ал мамлюттік өнерпаздар Жастар сарайына жиналған қала тұрғындарына концерттік бағдарлама ұсынды. Мереке қонақтары Мамлют ауданын мекендеген әр түрлі ұлттардың мәдениеті, салт-дәстүрімен танысу мүмкіндігіне де ие болды.