«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“МАҒЖАН КӨКТЕМІ” БИЫЛ ДА ӨТЕДІ

Ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын насихаттауды және әдебиет пен өнер саласында үздік туындылардың дүниеге келуін мақсат еткен “Мағжан көктемі” республикалық өнер фестивалі облыстық әкімдіктің қолдауымен екі жылда бір рет өткізіліп келеді. Еліміздің көптеген дарынды ақындары, сазгерлері, әншілері мен көркемсөз оқушылары шығармашылық бәсекеге түсетін үлкен өнер додасы биыл “Жыр пайғамбарының” туған күні – 25 маусымда Петропавл қаласында үшінші рет өткізілмекші.

Фестиваль аясында әдеттегідей Мағжанға арналған жазба ақындар мүшәйрасы, Мағжан өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы және Мағжан өлеңдеріне жазылған жаңа әндер байқауы ұйымдастырылады. Қазылар алқасының құрамына еліміздің белгілі әдебиет және өнер қайраткерлері енгізілмекші.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp