
Республикалық медиация күніне орай Достық үйінде ашық есік күні өтті. Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық филиалы құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік мекемелермен меморандумға қол қойып, жарты жылда атқарған жұмыстарын қорытыланды.
Сонымен қатар, кәсіби медиаторлар өңір тұрғындарын таңғы сағат 10-нан бастап ашық аспан астында қабылдап, әрқайсысының мәселелері бойынша кеңес берді. «Медиация туралы» заң 2011 жылы қабылданып, бүгінгі күні елімізде жүзеге асырылуда. Медиация – үшінші бейтарап жақтың өкілдері – медиаторлардың көмегімен дауласушы тараптардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында шиеленісті жағдайды соттан тыс шешудің бір жолы. Оның негізгі қағидаттары: еріктілік, екі тараптың теңдігі, құпиялылық пен бөгде азаматтардың килікпеуі. Өңіріміздегі кәсіби медаторлардың айтуынша, облысымызда медиатор ұғымы енді дамып келеді екен. Дегенмен соңғы жылдары медиация білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларында қолданылып жүр.