«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕЙІРІМ ШАПАҒАТЫ

Тәртіп сақшылары ішкі істер органдарынан, зейнет демалысына шыққан аға буын өкілдерін, ардагерлердің жесірлерін, қызмет етіп жүрген аруларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Облыстық полиция департа­менті Ұлы Отан соғысы ардагері­нің жесірі Варига Әбілмәжінованы құттықтауды да ұмытқан жоқ. Ва­рига Шәймерденқызының жұ­байы Насыр Әбілмәжінов – май­дангер, соғыстан кейін милиция қатарында қызмет атқарып, Воз­вышен аудандық ішкі істер бөлі­мін басқарған. 30 жыл бұрын дү­ние салған ардагердің әріптесте­рі күні бүгінге дейін оның зайыбы­на қолдау көрсетіп тұрады. Ве­дом­ство бастығы, полиция пол­ков­нигі Марат Төлебаев бастаған тәртіп сақ­шылары кейуананы Ха­лық­ара­лық әйелдер күнімен тұс­па-тұс келген 90 жасқа толу ме­рей­тойымен құттықтау үшін үйіне ар­найы барды. Зейнеткерге гүл мен сыйлық табыстаған олар мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.
 Сонымен қатар Петропавл қа­ла­лық полиция басқармасында қоғамдық тәртіп күзетінде жүр­ген аруларды құттықтауға арналған шара ұйымдастырыл­ды. Қылмыспен күресте, қоғам­дық тәртіпті сақтап, тұрғындар­мен өзара байланысты қамтама­сыз етуде ерлермен бірге 209 әйел қызмет етіп келеді. Олар­дың 131-і – офицер, 12-сі – сер­жант, 15-і мемлекеттік қыз­метші болса, 51-і – ерікті құрамның қатарында қоғам тыныштығына өз үлесін қосып жүрген арулар. Басқарма бас­тығы, полиция полковнигі Жан­дос Мұқатов аруларға ақ тілегін арнады.
Мерекелік жиын тәртіп сақшы­ларының Сәбит Мұқанов атында­ғы облыстық қазақ саздыдрама театрының әртістерімен және Ұлттық ұлан әскери институтының шығарма­шы­лық ұжымымен бірлесіп әзір­ле­ген концертімен аяқталды.

 

Юрий КЛЫКОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы.
СУРЕТТЕ: М.Төлебаев В.Әбілмәжінованы құттықтауда. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp