«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕЙІРІМ ШУАҒЫ

Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің ұжымы, оқушылар мен ата-аналар бірлесіп қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. “Мейірім шуағы” деп аталған шарадан түскен қаражат ауыр сырқатқа шалдыққан Сұлтан Қайыровтың еміне жұмсалады.

Қайырымдылық жәрмеңкесі аясында оқушылардың өз қолдарымен жасаған бұйымдары сөреге қойылып, жиналғандар дарынды ұл-қыздардың шағын концертін тамашалады. Қолөнер туындылары лезде сатылып кетті. Шарадан барлығы 477 мың теңге жиналды.

Жалпы Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің директоры Сайран Мұстафина жазған “Қоғамға қызмет ету” авторлық бағдарламасы бойынша соңғы үш жыл бойы қайырымдылық шаралары үздіксіз өткізіліп келеді. Қазан айында алтыншы сынып оқушылары Аққайың ауданының орталығы – Смирново ауылындағы қарттар үйіне барып, аға буын өкілдерінің көңілін көтерген. Ал сегізінші сынып оқушылары Петропавлдағы сәбилер үйіндегі бүлдіршіндерді сыйлықтарымен қуантты.

Өткен оқу жылында да бірінші сынып оқушылары Қызылжар ауданына қарасты Соколовка ауылындағы балалар үйіне барып, “Менің Отаным – Қазақстан” тақырыбындағы тәрбие сағатына қатысса, он бірінші сынып оқушылары перинаталдық орталықтағы дүние есігін енді ғана ашқан нәрестелерге өз қолдарымен тоқыған киімдерді сыйлады. Оқушылар қайырымдылық шаралары арқылы мұқтаж жандарға қол ұшын созып, жақсылық жасаудың пайдасын ұғынды.

Нұргүл РАХМЕТОВА,

Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp