«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ АЛУ ЖЕҢІЛДЕЙ ТҮСТІ

Қазан айының басынан электронды үкіметтің жаңартылған eGovmobile мобильдік қосымшасы іске қосылды. Бұл қосымша мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін айтарлықтай жеңілдете түсті.

Жетілдірілген eGovmobile қолданыстағы электронды-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) 4 таңбалы PIN-кодқа немесе биометрия құрылғыларына (Face ID, Touch ID) тіркеп қоюға мүмкіндік береді. Бір рет электронды-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) PIN-кодқа немесе биометрия құрылғыларына тіркеп алған қолданушы жүйеге кіріп, мемлекеттік қызметті алған кезде ЭЦҚ таңдап немесе пароль енгізіп әуре болмайды.
Енді азаматтарға ЭЦҚ-ның қажеті де жоқ. Біз ұялы телефонымыздың бұғатын саусақ ізімен немесе Face ID көмегімен шешуді әбден меңгеріп алдық. Дәл осылай бұл қосымшада да ЭЦҚ-ңызды өзіңіздің биометрияңызға тіркеп алып, мемлекеттік қызмет алу барысында сұрауыңызды өзіңіздің Touch ID немесе Face ID-іңізбен растауға болады.
Оның үстіне, ЭЦҚ-ны мобильді құрылғыларда пайдалану үдерісі де жеңілдетілді. Бұған дейін ЭЦҚ смартфонға компьютер арқылы жүктелетін болса, қазір сертификатты қолданушының электронды поштасындағы хаттан бірден ұялы телефонға жүктеп алуына болады. Сондай-ақ, қосымшаның өзінде ЭЦҚ-ны қалай жүктеуге болатыны, авторизациядан өту туралы және т.б. кеңестер бар. Бұған қоса әр жаңа қызметке қадамдық нұсқаулық берілген. Осылайша әзірлеушілер – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ы қосымшаны барынша қолайлы етуге тырысты.
Айта кету керек, қазіргі уақытта бұл қосымша арқылы мемлекеттік қызметтің 28 түріне қол жеткізуге болады. Олар: базалық зейнетақы төлемін есептеу мөлшері туралы анықтама, бала тууына байланысты төлемдер және бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы, соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің жоғы (бары) туралы анықтама және т.б.
Қосымшаны AppStore және PlayMarket-тен жүктеп алуға болады. 

Сурет https://www.taldyk.info сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp