«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Құрметті солтүстікқазақстандықтар, соғыс және еңбек ардагерлері, зейнеткерлер!

Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қарт адамдарға қамқорлық жасау мемлекетіміздің саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Елімізде қарияларды әлеуметтік қорғауға және қолдауға ерекше назар аударылып отыр.

Сіздердің өмірлеріңіз – жанқиярлық еңбектің, ерліктің және Отан игілігіне риясыз қызмет етудің үлгісі. Сіздер зауыттар мен фабрикалар салдыңыздар, ұжымшарлар алқаптарында тынбастан тер төктіңіздер, қатал соғыс жылдарының ауыртпалығын көтердіңіздер және Отанымыздың тәуелсіздігін сақтап қалдыңыздар.

Сіздер ұлдарыңыз бен қыздарыңызды лайықты ұрпақ етіп өсірдіңіздер, оларды Қазақстан Республикасының нағыз азаматтары қылып тәрбиеледіңіздер. Сіздер жоғары адамгершілік құндылықтар мен дәстүрлердің сақтаушысысыздар, балаларыңыз бен немерелеріңіздің тірегі әрі сенімді көмекшілерісіздер.

Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіздің, алға қойған мақсаттарға қол жеткізудегі табандылықтарыңыздың арқасында еліміз әлемдік қоғамдастықта лайықты абырой-беделге ие болды.

Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, амандық, белсенді де ұзақ ғұмыр, болашаққа сенім тілеймін!

Ерік СҰЛТАНОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp