Петропавлдағы «Қызылжар» орталық мешітінде Рамазан айының алғашқы күні арнайы жайылған дастарқан басында бес жүздей адам бас қосты.
Жиын барысында мұсылмандардың бес парызының бірі орындалатын бұл қасиетті айдың ерекшеліктері, мән-маңызы туралы айтылып, қайырымдылық істерімен танымал жеке кәсіпкерлерге алғыс хаттар табыс етілді.